18 ақпан 2022 | 14:28

Қаңтар оқиғасы: зардап шеккен кәмелетке толмаған балалар саны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәмелетке толмаған балалардың санын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәмелетке толмаған балалардың санын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезеңінде медициналық ұйымға 2 740 зардап шегуші жүгінген. Оның ішінде 1 843 адамға амбулаторлық көмек көрсетілсе, 897 адам ауруханаға жатқызылған. Оның айтуынша, бүгінде 891 науқас емделіп шыққан.

"Медициналық ұйымдарда 177 адам қайтыс болды. Бүгінде алты адам ауруханада емделіп жатыр. Алматы мен Қызылордада үш науқастың жағдайы ауыр, біреуі оқ жарақатын алған, емделіп жатыр. Үш облыста кәмелетке толмаған балалар зардап шеккен. Алматыда екеуі оқ жарақатынан қаза болды, жетеуі түрлі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде төрт жасөспірім Алматы қаласында, екеуі Алматы облысында және біреуі Жамбыл облысында. Сондай-ақ, Алматы облысында бір жүкті әйел газдан зардап шекті", - деді Байсеркин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, осы кезеңде 20 денсаулық сақтау нысанына шабуыл жасалған. Оның ішінде бесеуі аурухана, бір алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесі, Алматы қаласында орналасқан 14 дәріхана.

"7 медицина қызметкері зардап шекті, олардың бесеуі Алматыда, біреуі Шымкентте және Алматы облысында. 46 жедел жәрдем көлігі зақымданды. Олардың ең көбі Алматы қаласында - 32 автокөлік және төртеуі жөндеуге келмейді", - деді Байсеркин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети