Қаңтар оқиғасы: зардап шеккен кәсіпкерлерге қанша қаржы төленгені айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасы: зардап шеккен кәсіпкерлерге қанша қаржы төленгені айтылды Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев©

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 миллиард теңге төленгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 8,3 миллиард теңге төленгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында вице-министр қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жедел шаралар қабылданғанын айтты:

  • ШОБ субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу;
  • жеке және заңды тұлғаларға берілген несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
  • салықтық және кедендік тексерулер және басқа да шаралар тоқтатылды.

"Қаңтар оқиғасы салдарынан алдын ала мәлімет бойынша, 1630 ШОБ субъектісі зардап шекті, келтірілген шығын көлемі шамамен 38,6 миллиард теңге. Бүгінде 1 491 ШОБ субъектісіне жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгенің төлемі төленді", - деді Жақсылықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети