19 сәуір 2022 | 12:50

Қаңтардағы тәртіпсіздікте Шымкент әкімдігіне жасалған шабуылдың жай-жапсары белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздікте Шымкент әкімдігіне жасалған шабуылдың жай-жапсарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздікте Шымкент әкімдігіне жасалған шабуылдың жай-жапсарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"5-6 қаңтарға қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына қарулы шабуыл басталды. Қоғамдық тәртіп сақтауға, үш мыңнан астам адамның агрессивті шабуылына тосқауыл қоюға полиция қызметкерлері шықты. Шабуылға шығушылардың көпшілігі атыс қаруларымен қаруланған. Ал полиция қызметкерлері тек резеңке оқтар мен жарық-шу гранаталарын қолданды", - деп хабарлады Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, үш қарулы шабуыл мен қызметкерлердің өміріне қауіп төнгеннен кейін ғана полиция атыс қаруын қолдану туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде 20 шабуылшы өлтірілген.

Елдос Қилымжанов 6 қаңтарда Тараз қаласының әкімдігі мен Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараттарына осындай қарулы шабуыл жасалғанын айтты.

"Шамамен 500 адамнан тұратын қарулы топ ғимараттарға оқ жаудырды, нәтижесінде полиция қызметкері қаза тапты. Құқық қорғау органдары жауап ретінде оқ жаудырды, нәтижесінде 11 қылмыскер қаза тапты.

Медициналық зерттеулердің нәтижелері бойынша 9 шабуылдаушы мас, екеуі есірткі заттарын қолданған", - деді Қилымжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети