Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: ІІМ ұрлық жасағандардың ұсталуы туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: ІІМ ұрлық жасағандардың ұсталуы туралы айтты Фото:polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қарақшылық шабуыл жасағандардың ұсталғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қарақшылық шабуыл жасағандардың ұсталғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділовтің айтуынша, соңғы аптада мүлік пен қару ұрлау дерегі бойынша жеті күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

"Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде бес адамнан тұратын топ полиция қызметкерлерінің арнайы техникасы мен қаладағы төрт дүкеннен түрлі тауар ұрлаған. Жедел іс-шара барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша полиция қызметкерлері екі электроскутер, екі теледидар, үш ноутбук, компьютерлік техника және жап-жаңа киімдер тапты.

Сонымен қатар, күдіктілерден сатуға дайындалған есірткі "пирролидин" табылып, тәркіленді. Осы іске қатысы барлар анықталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деді Әділов.

Сондай-ақ, 6 қаңтарда Алматыда Түркістан облысының екі тумасы көшедегі банкоматты бұзып, бір миллион теңгеден аса қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен. Әділов күдіктілердің кінәсі мойындауларынан бөлек, бейнежазба арқылы да дәлелденгенін атап өтті.

"8 қаңтарда Түркістан облысында бұрын ұрлық және тонау үшін сотталған екі жергілікті тұрғын ұсталды, олар 5 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктер кезінде бес Canon фотоаппаратын, Acer маркалы ноутбугын, үш iPhone 12 және Samsung ұялы телефондарын ашық түрде ұрлаған", - деді Әділов.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети