22 ақпан 2022 | 08:59

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: офицердің қазасынан кейін 40 күн өткенде сәбиі дүниеге келді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Almaty.tv

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан аға офицер Жандос Жағалбаевтың әулеті марқұмның қырқын берді. 27 жастағы марқұмның артында күні кеше дүниеге келген қызы мен 8 ай бұрын отасқан жары қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан аға офицер Жандос Жағалбаевтың әулеті марқұмның қырқын берді. 27 жастағы марқұмның артында күні кеше дүниеге келген қызы мен 8 ай бұрын отасқан жары қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға офицері Жандос Жағалбаев 6 қаңтарда оққа ұшып, мерт болған. Анасы соңғы рет ұлымен телефон арқылы тілдескен екен. Кейін, 7 қаңтарда ұлының мерт болғаны туралы суық хабар естіген.

27 жасында мерт болған Жандос тұңғышының дүниеге келуін асыға күткен екен. Жекеменшік пәтер алып, қызының өз үйінде өскенін армандаған. Алайда сол мақсатына жете алмай кетті, дейді марқұмның туыстары.

Реклама
Реклама

Ал алматылық полиция қызметкері Арман Байысбаев, 5 қаңтарға қараған түні Сейфуллин-Тимирязев көшесіне шұғыл жетіп, тәртіпсіздікті тоқтатпақ болған. Алайда басу айтқанға көнбегендер оны әріптестерімен бірге соққының астына алып, басын жарып, қабырғасын сындырған.

"Сол жерде өлдім деп ойладым. Аямады. Содан кейін бір кісі "Ұрмаңдар" деп шетке алып шығып, "Кетіп қал, әйтпесе, өлтіремін" деді. Бізде қару жоқ болды. Тек қалқан мен каска ғана. Басқа ештеңе болмады. Негізі, қарапайым халыққа қару қолданбаймыз. Бізде қару болған жоқ", - деді Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкінің инспекторы Арман Байысбаев.

Арна тілшілерінің мәліметінше, қаңтардың басында болған дүрбелеңде 3037 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі түрлі дене жарақатын алған. Соңғы мәліметте Ішкі істер органдарының 8 қызметкері қаза тапқаны айтылды. Бүгінде 107 тәртіп сақшысы емделіп жатыр.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная