03 ақпан 2022 | 13:11

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: СІМ Human Rights Watch ұйымының сауалына пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Human Rights Watch халықаралық үкіметтік емес ұйымының Қазақстанда қаңтар оқиғалары кезінде құқық қорғау органдарының шектен тыс күш қолдану жағдайлары туралы ақпарат берілген сауалы түсті. HRW қамауға алынғандарға қатысты басқа да заңбұзушылықтар туралы ақпарат жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Human Rights Watch халықаралық үкіметтік емес ұйымының Қазақстанда қаңтар оқиғалары кезінде құқық қорғау органдарының шектен тыс күш қолдану жағдайлары туралы ақпарат берілген сауалы түсті. HRW қамауға алынғандарға қатысты басқа да заңбұзушылықтар туралы ақпарат жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Ведомство Қазақстан Республикасы шектен тыс күш қолдану, заңсыз ұстау, азаптау және қамауға алынғандарға қатыгездік көрсетудің ықтимал жағдайларын айыптайтынын жазды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы тәртіпсіздіктерге тергеу әділ болуы және заң аясында жүргізілуі тиіс екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Қамауға алынғандардың құқықтарын қатаң сақтау және сотта істің әділетті қаралуы міндетті шарт болуы тиіс.

Мемлекет басшысы Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігін тергеу іс-шараларын жүргізген кезде азаптау мен қатыгездіктің өзге түрлерін қолдануға тыйым салатын еліміздің Конституциясы мен Қылмыстық-процестік кодексiнің сақталуын қамтамасыз етуге шақырды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, заңсыз ұстау және қамауға алынған азаматтарға қатыгездік көрсету туралы кез келген мәлімет мұқият қарастырылады.

"Тергеу органдары келіп түсіп жатқан барлық заң бұзу дерегін тексеріп жатыр. Азаматтардың қажетті ақпаратты кедергісіз және жедел алуы, оның ішінде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағым жолдауы мақсатында "шұғыл желі" ашылған. ҚР Бас прокуратурасының деректері бойынша, бүгінде азаматтардың тергеу жүргізудің рұқсат етілмеген әдістеріне және құқықтарын бұзуға қатысты шағымдары бойынша құқық қорғау органдары тарапынан барлығы 98 қылмыстық іс тергеліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Бас прокуратурасы және басқа да тергеу органдары қазақстандық және халықаралық қоғамдастық көтерген әрбір жеке істі жан-жақты қарастыруға дайын екені айтылды.

"Қамауға алынған азаматтардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу үшін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға, Азаптауларды болдырмаудың ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне пенитенциарлық жүйе мекемелеріне  қолжетімділік қамтамасыз етілген.

ҰАТ өңірлік топтары Қазақстанның 16 өңіріндегі 83 жабық мекемеге 97 тәуелсіз мониторинг жүргізді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына азаматтардан құқықтарының бұзылуы жөнінде 48 өтініш түсіп, қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, өңірлік топтардың ұсынысы бойынша қамауға алынған және тұтқындалған азаматтарға адвокаттар мен азаматтық дәрігерлердің кіруі қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

Азаматтық қоғамның беделді өкілдері, оның ішінде құқық қорғаушылар және заңгерлер қаңтар оқиғаларына тергеу жүргізу бойынша қоғамдық комиссиялар құрды, деді ведомство өкілдері.

"Қазақстан адам құқықтары саласындағы өзінің барлық міндеттемесін сақтауға бейілді және халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ашық диалогқа және ынтымақтастыққа дайын. Атап айтқанда, ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Human Rights Watch ұйымының Атқарушы директоры Кеннет Ротпен кездесу өткізуі жөнінде уағдаластыққа қолжеткізілді.

Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы БҰҰ органдарымен және тетіктерімен белсенді өзара іс-қимылды жалғастырып жатыр", - делінген ведомство сайтында.

Human Rights Watch - штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан, әлемнің 70-тен астам елінде адам құқықтарының бұзылуын бақылайтын, зерттейтін және құжаттайтын үкіметтік емес ұйым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети