17 шілде 2020 16:15

Қаңтардан бері 3,3 мың қазақстандық пневмониядан қайтыс болған

Сурет: elements.envato.com

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша өлім статистикасын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша өлім статистикасын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бірінші жартыжылдықта пневмониядан болған өлім деңгейі өткен жылдың сол кезеңімен ұқсас. Ал өсу үрдісі маусымның соңында байқалған.

Реклама
Реклама

"Бүгін қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен кейінгі 12-ші күн және бұл 14 күндік инкубациялық кезеңде шынжырды үзу үшін жеткіліксіз. Осы кезеңдегі барлық дерлік өлім - карантин енгізілгенге дейінгі кезеңде тіркелген жағдайлар. Биыл 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3 327 өлім оқиғасы тіркелді. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде - 1 896 оқиға. Өсім - 1,75 есе", - деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі пневмониямен ауыратындар стационарлық және амбулаторлық деңгейде көмек алатынын атап өтті.

"Біз барлық жағдайды егжей-тегжей есепке аламыз, өйткені бұл кадрлық қамтамасыз етуді, қаржы, жабдықтар мен дәрі-дәрмектерге қажетті ресурстарды жоспарлау кезінде маңызды мәнге ие", - деп қортындылады Алексей Цой.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram