Қантқа талас: Қарағандыда тұрғындар жанжалы видеоға түсірілді

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қантқа талас: Қарағандыда тұрғындар жанжалы видеоға түсірілді Көрнекі сурет: elements.envato.com

Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінде қантқа таласқан тұтынушылар арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Patriotnews.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінде қантқа таласқан тұтынушылар арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Patriotnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде "Аян" супермаркеттерінің бірінде түсірілген жанжалдың видеосы тарап жатыр. Кадрларда тұтынушылар төбелесуге шақ қалғаны көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қант тапшылығы себеп болды. Сауда орны әкімшілігі полиция шақыруға мәжбүр болған.

"Сатып алушылардың шабуылынан кейін сауда сөрелері маңы шашылып жатыр. Еденде тұз қораптары, макарон пакеттері, төгілген қант жатыр", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Патриот Караганды (@patriotkaragandy)

Екі апта бұрын қант сатып алушылар арасындағы таласты басу үшін "Аян" супермаркетіне полиция тобы шақырылған.

Қарағандыдан бөлек, бұған дейін Ақтау, Семей, Орал және Қызылорда супермаркеттерінде де қант тапшылығына байланысты жанжал болған еді. Кейін бұл жағдайға Ауыл шаруашылығы және сауда министрліктері пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети