12 маусым 2016 | 10:50

Қаныш Сәтбаевтың үлкен қызы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ханиса Сәтбаева. © Kaznmu.kz Ханиса Сәтбаева. © Kaznmu.kz

Белгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың үлкен қызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ханиса Сәтбаева қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Бақыт Рамазанова хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың үлкен қызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ханиса Сәтбаева қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Бақыт Рамазанова хабарлады.

Рамазанованың айтуынша, Ханиса Сәтбаева 11 маусымда 94 жасында өмірден өтті.

Ханиса Қанышқызы Сәтбаева 1921 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының 4-ауылында, кейіннен Сәтбаев атындағы совхоз бол­ған "Теңдік" атты ауылда туған.1939 жылы Ханиса Қанышқызы Алматыдағы медицина институтына оқуға түскен. 

Ханиса Сәтбаева халық денсаулығын сақтауға баға жетпес үлес қосқан атақты медицина саласы ғалымдарының есімдері енгізілген Университеттің Алтын Қорының өкілі болып табылады. Ханиса Сәтбаеваның басшылығымен Қазақстан Республикасының барлық ЖОО-да валеология курстарын енгізу және ұйымдастыру жұмыстары бойынша ауқымды еңбек атқарылған, ол 1999, 2007, 2009 жылдары мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылған валеология бойынша алғашқы типтік бағдарламаның және оқу-әдістемелік құралдың авторы болып табылады.

1995 жылы Қазақстанда алғаш рет Ханиса Қанышқызы медициналық және пеагогикалық ЖОО үшін "Адам физиологиясы" оқулығын шығарды. Қазіргі күнге дейін оқулық Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО студенттерін оқытудағы бірегей және кеңінен қолданылатын құрал. "Адам физиологиясы" оқулығы үшін проф. Ханиса Сәтбаева Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталған. Көп жылдық ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі үшін Сәтбаева "Еңбек Қызыл Ту" орденімен, "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында көрсеткен қажырлы еңбегі үшін", И.П.Павлов атындағы және "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Құрмет белгісі", "Қазақстанның ғылымына еңбек сіңірген қайраткер" (1981) медальдарымен, "КСРО жоғары мектебінің үздігі", "КСРО денсаулық сақтау үздігі" белгілерімен марапатталған, ҚазССР Жоғарғы Кеңес президиумының, ҚазССР және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Бүкілодақтық физиология қоғамының құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған. 2008 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оған "ҚазҰМУ-дың құрметті професоры" атағын берді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети