Қапшағайда шарасыз әйелді қорлаған баланы полиция іздестіріп жатыр

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған сурет Видеодан алынған сурет

Алматы облысы ІІД қызметкері аялдамада әйелді қорлап жатқан баланың видеосына қатысты пікірін білдірді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы ІІД қызметкері аялдамада әйелді қорлап жатқан баланың видеосына қатысты пікірін білдірді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомстводағылар баланы іздестіріп жатқанын хабарлады. 

"Қазіргі таңда баланы іздестіру шарасы жүріп жатыр. Оған ювенал полициясы, қоғам мен білім беру өкілдері қосылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша ата-ананың немесе басқа заңды өкілдерінің кәмелет жасына толмаған балаларды тәрбиелеу және үйрету жөніндегі жауапкершілігін орындамағаны үшін жауапқа тартылу қарастырылған", - деп хабарлады Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнева.

 Алдын ала 7 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, яғни 16 835 теңге.

Желіде 6 тамызда баланың шарасыз әйелді кемсітіп тұрғаны түсірілген видео пайда болды. Болжам бойынша, оқиға Қапшағайда болған. Видеоға қарағанда, іс-әрекет аялдамада болған. 

Бала әйелге жақындап, қолын созып, тебеді. Әйел оған айраны бар бөтелкесін береді. Біраз уақыттан кейін бала қайта келіп, сол берген айранды әйелдің үстіне төгеді. Содан кейін ол қайтадан оралып, үстіне тағы бір сусын құйып, әйелге бөтелке лақтырады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro