Қапшағайда үш балықшы құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағайда үш балықшы құтқарылды

Қапшағай су қоймасында үш балықшыны диаметрі 300 метр болатын мұз алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағай су қоймасында үш балықшыны диаметрі 300 метр болатын мұз алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 11 ақпанда түнде Қапшағай су қоймасының "Көгілдір бұғаз" аймағында болған. Үш балықшыны балық аулау кезінде жағадан алыстау жерге мұз алып кеткен. Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне хабар түскен. 

"Оқиға орнына Қапшағай өңірінің құтқару жасағы жіберілді. Балықшыларды құтқару операциясына төрт құтқарушы, бір арнайы техника және бір қайық жұмылдырылды. Балықшыларды таңғы сағат 04:20-да аман алып, жағаға шығарды. Құтқарылғандар медициналық көмектен бас тартты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, құтқарушылар рәзіңке қайықты мұз үстінде екі шақырым бойы көтеріп, қолайсыз жағдайда 500 метр суда жүзген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети