Қапшағайда үш ер адам құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағайда үш ер адам құтқарылды Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қапшағай су қоймасында үш ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағай су қоймасында үш ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 шілдеде сағат 18-55-те Қапшағай су қоймасындағы қалалық жағажайда құтқарушылар патрульдеу жүргізу кезінде жағадан 250 метр қашықтықта 1997 жылғы ер адамды құтқарды. Ол үрлемелі матрасқа отырып, жағадан алыстап кеткен.

"Сол күні сағат 19.00–де құтқарушылар жағалаудан 400 метр қашықтықта тағы екі ер адамды құтқарды. Олардың бірі - 2000 жылғы ер адамның суда аяғының сіңірі тартылып, суға батып кете жаздаған. Енді бірі 1998 жылғы ер адам өз күшін жете бағаламай, үрейге бой алдырып суға батып кете жаздады", - дейді ТЖД өкілдері.

Құтқарушылар үш ер адамды жағаға эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес екені хабарланды.

"Оларға судағы қауіпсіздік ережелері және құтқару кеудешесінсіз суға шомылудың салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарға суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети