Кеше | 08:09

Қар аралас жаңбыр, бұршақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК мамандары бүгін, 26 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Синоптиктердің болжамына қарағанда, кей өңірде қар аралас жаңбыр мен бұршақ жауып, кей өңірде екі градусқа дейін суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК мамандары бүгін, 26 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Синоптиктердің болжамына қарағанда, кей өңірде қар аралас жаңбыр мен бұршақ жауып, кей өңірде екі градусқа дейін суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың бытысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.

Алматыда күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын мол түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, областың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус суық және үсік болады. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети