Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады.
Шымкентте де арагідік тұман күтіледі.
Түркістан облысында таңертең таулы аймақтарда қалың қар жауады. Өңірдің оңтүстігі мен таулы бөлігінде көктайғақ, кей жерлерде боран соғады. Облыстың батысы, орталығы мен таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығыста желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында да тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында таңертең батыс, солтүстік және орталық аумақтарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда да көктайғақ болжанған.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Желдің күші күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батыс бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Атырауда да желдің жылдамдығы күшейеді.
Алматы облысының оңтүстік және таулы аймақтарында қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Қонаевта түнде қалың қар жауады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с қарқынмен соғады. Қызылорда қаласында да жел күшейеді.
Абай облысында қар, боран, көктайғақ болжанған. Түнде кей аймақтарда қалың қар түседі. Жел 23 м/с-қа дейін күшейеді. Семейде де боран, қар және көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында қарлы боран, көктайғақ, кей өңірлерде қалың қар болады. Жел 23 м/с дейін соғады. Өскеменде де қарлы боран болады.
Жамбыл облысында түнде таулы аудандарда қалың қар, боран болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жел 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысында жел түнде және күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар облысының оңтүстік және шығыс бөліктерінде қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде тұман. Жел күшейеді.
Қарағанды облысында түнде солтүстік және шығыс аймақтарында қар, боран, көктайғақ. Тұман түседі. Қарағандада да қарлы боран күтіледі.
Ұлытау облысында туман болжанған.
Жетісу облысында түнде таулы аймақтарда қалың қар жауады. Жел 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Алакөл маңында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
Ақмола облысында түнде аздаған қар, боран болады. Кей аудандарда жел 15-20 м/с болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!