Қазгидромет 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады, ал шығыста қар жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ. Батыс, шығыс, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Шығыста, солтүстік-батыста бұрқасын күтіледі.
Жетісудың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!