26 мамыр 2018 | 18:00

Қар, дауыл және минус 3 градус суық болады - синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© portalsafety.blogspot.com © portalsafety.blogspot.com

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығының мәліметтері бойынша, 27 мамырда Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде), кей жерлерінде қатты жауын жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

"Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аяз, күндіз 6-11, кей жерлерде 14 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Астанада 27 мамырда таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр болады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі", - деп ескертті метеорологтар.

Сонымен қатар, 27 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 20-25, екпіні 30 м/с, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети