Синоптикалық жағдайдың өзгеруінің күтілуінің салдарынан 10 қарашада бірнеше аймақтарда дауылдық ескерту жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптикалық жағдайдың өзгеруінің күтілуінің салдарынан 10 қарашада бірнеше аймақтарда дауылдық ескерту жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
10 қарашада тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрлі жел күшеюі күтіледі.
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша 10 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде жел 15-20, екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді. Өскемен қаласы бойынша 10 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, жолдарда көктайғақ, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейуі күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 80-85 пайыз", - делінген хабарламада.
10-12 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.