Қар және 15 градусқа дейін жылы: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қар және 15 градусқа дейін жылы: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 8, 9 және 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 8, 9 және 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанға циклон жақындап келеді

Атлант циклоны әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, тұман, көктайғақ және боранмен қатар жел күшейеді деп болжанады.

"Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – деді синоптиктер.

Ауа температурасы қандай болады?

Қазақстанның батысында 5-15 градус жылы, солтүстік-батысында 0-10 градус жылы, солтүстігі, шығысы және орталығында -3 градус аяз – 2 градус жылы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градус жылы болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети