Қар және 20 градус аяз: 7-9 ақпанда Астанада ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қар және 20 градус аяз: 7-9 ақпанда Астанада ауа райы қандай болады?

Қазгидромет Астанадағы 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Астанадағы 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 ақпанда Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, аздаған қар жауады, боран соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -19...-21°C, күндіз -12...-14°C аяз.

8 ақпанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -19...-21°C, күндіз -10...-12°C аяз.

9 ақпанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -17...-19°C, күндіз -7...-9°C аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети