"Қазгидромет" синоптиктері 15, 16 және 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның басым бөлігі аумақты антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде боран соғады, сондай-ақ көктайғақ күтіледі.
Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Ауа температурасының негізгі көрсеткіштері:
- батыста күндіз +5…+13 градус;
- оңтүстікте +12…+20 градус;
- оңтүстік-батыста +10…+20 градустан +7…+16 градусқа дейін төмендейді;
- солтүстік-батыста +3…+15 градустан –3…+10 градусқа дейін;
- солтүстікте +3…+8 градустан –3…+5 градусқа дейін;
- орталықта +1…+7 градустан +5…+10 градусқа дейін көтеріледі;
- шығыста –10…+5 градустан +1…+12 градусқа дейін;
оңтүстік-шығыста +8…+16 градус, таулы аймақтарда –2…+8 градустан +11…+19 градусқа, таулы аймақтарда +2…+7 градусқа дейін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!