Қар және жаңбыр. 14 сәуірде ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қар және жаңбыр. 14 сәуірде ауа райы қандай болады? Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 сәуірде республиканың 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 сәуірде республиканың 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде 23 м/с.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 25 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстік бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с.

Қостанайда жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде шаңды дауыл. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі.

Ақтөбеде 14 сәуірде күндіз қатты жауын-шашын (күндіз жаңбырдың соңы қарға ұласады), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік шығыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте 14 сәуірде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети