Қар және тұман: 28 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қар және тұман: 28 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Қазгидромет сейсенбі, 28 қаңтарда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет сейсенбі, 28 қаңтарда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана: ауыспалы бұлтты, түстен кейін аздаған қар жауады. Түнде -19...-21°C, күндіз -8...-10°C. Жел оңтүстік-батыстан, 9-14 м/с.

Алматы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -5...-7°C, күндіз +3...+5°C. Жел 0-5 м/с.

Шымкент: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2...-4°C, күндіз +5...+7°C. Жел солтүстік-батыстан, 5-10 м/с.

Ақмола облысы: күндіз қар, боран. Түнде -19...-24°C, күндіз -7...-12°C.

Алматы облысы: жауын-шашынсыз, таулы аймақтарда тұман. Түнде -3...-17°C, күндіз 0...+5°C.

Түркістан облысы: жауын-шашынсыз, таулы аудандарда тұман. Түнде -1...-12°C, күндіз +3...+8°C.

Батыс Қазақстан облысы: қар, көктайғақ. Түнде -1...-6°C, күндіз -3...+2°C.

Маңғыстау облысы: жауын-шашынсыз, тұман. Түнде -5...-13°C, күндіз +1...+6°C.

Қарағанды облысы: аздаған қар, тұман. Түнде -17...-22°C, күндіз -7...-12°C.

Павлодар облысы: қар, боран. Түнде -13...-18°C, күндіз -8...-13°C.

Шығыс Қазақстан облысы: жауын-шашынсыз, тұман. Түнде -11...-30°C, күндіз -5...-13°C.

Жамбыл облысы: жауын-шашынсыз, тұман. Түнде -3...-17°C, күндіз -3...+2°C.

Қызылорда облысы: жауын-шашынсыз, тұман. Түнде -8...-13°C, күндіз -5...+5°C.

Солтүстік Қазақстан облысы: қар, боран. Түнде -13...-21°C, күндіз -5...-10°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети