"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 29 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 29 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.
Шымкентте 29 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада түнде және таңертең тұман, көктайғақ.
Абай облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде және таңертең екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, түнде және таңертең екпіні 23 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!