Қар жауып, жел соғады: 29 қаңтардағы ауа райы болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қар жауып, жел соғады: 29 қаңтардағы ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

Қазгидромет сәрсенбі, 29 қаңтарда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет сәрсенбі, 29 қаңтарда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана
Күн бұлтты. Түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура: Түнде -8...-10°C, күндіз -1...-3°C.

Алматы
Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Температура: Түнде -5...-7°C, күндіз 0...+2°C.

Шымкент
Күн құбылмалы, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Температура: Түнде -3...-5°C, күндіз 0...+2°C.

Ақмола облысы
Түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігі мен шығысында қар қалың жауады. Боран, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Температура: Түнде -5...-10°C, шығысында -13°C, күндіз -4...+1°C. Көкшетау: Күн құбылмалы, қар жауады, боран соғады. Күндіз көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Температура: Түнде -8...-10°C, күндіз -1...-3°C.

Алматы облысы
Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және тау бөктерлерінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Температура: Түнде -4...-9°C, солтүстігі мен таулы аймақтарда -12...-17°C, күндіз -2...+3°C, таулы аймақтарда -6°C. Қонаев: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Температура: Түнде -7...-9°C, күндіз -0...-2°C.

Жетісу облысы
Таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с жетеді. Температура: Түнде -8...-13°C, шығысында және таулы аудандарда -17...-22°C, күндіз -2...+3°C, шығысы мен таулы аймақтарда -7...-12°C. Талдықорған: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 5-10 м/с.
Температура: Түнде -11...-13°C, күндіз -0...-2°C.

Түркістан облысы
Оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Таулы асуларда боран соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с, таулы асуларда 15-20 м/с. Температура: Түнде -3...-8°C, солтүстігі мен таулы аудандарда -12°C, күндіз 0...+5°C, солтүстігінде -3°C. Түркістан: Күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел 5-10 м/с. Температура: Түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C.

Маңғыстау облысы
Жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Температура: Түнде 0...-5°C, облыстың солтүстік-шығысында -8°C, күндіз +2...+7°C. Ақтау: Ауа райы ашық. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Температура: Түнде -1...-3°C, күндіз +5...+7°C.

Қарағанды облысы
Түнде батысында, солтүстігінде қар жауады, шығысында аздаған қар, боран болады. Күндіз қар, боран, батысында қалың қар жауады. Температура: Түнде -10...-15°C, оңтүстік-шығысында -20°C, күндіз -6...-11°C, батысында -3°C. Қарағанды: Күн бұлтты, қар жауады, боран болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Температура: Түнде -10...-12°C, күндіз -6...-8°C.

Шығыс Қазақстан облысы
Түнде солтүстігінде қар жауады, боран болады. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында қар, боран күтіледі. Температура: Түнде -11...-16°C, шығысында -21...-26°C, күндіз -3...-8°C, солтүстігі мен шығысында -13°C. Өскемен: Күн бұлтты, таңертең және күндіз қар жауады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Температура: Түнде -13...-15°C, күндіз -5...-7°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети