Қар, көктайғақ және боран: 19 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қар, көктайғақ және боран: 19 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі, таулы аймақтарда боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі, таулы аймақтарда боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада күн бұлтты, қар жауып, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.

Алматыда түнде және таңертең қар жауып, тұман мен көктайғақ күтіледі.

Шымкентте жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Жетісу облысының таулы аудандарында қар жауып, тұман мен көктайғақ болады. Алакөл маңында жел күшейеді. Түнде аяз -19°-қа дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі, көктайғақ пен тұман күтіледі. Ақтауда ауа температурасы +6…+8° дейін жылы болады.

Ақтөбе облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ байқалады. Ауа температурасы түнде -3…-8°, күндіз -5° шамасында.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 20–25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде аяз -20°-қа дейін күшеюі мүмкін.

Павлодар облысында қар мен бұрқасын болады. Түнде ауа температурасы -21°-қа дейін төмендейді.

Қарағанды және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -18°, күндіз -4…-13°.

Шығыс Қазақстан және Абай облысында қар жауып, боран соғады. Кей аудандарда қатты аяз байқалады: түнде -28°-қа дейін төмендейді.

Қызылорда облысының батысында аздаған қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде -9…-14°, күндіз -1…-6°.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, боран соғады. Көктайғақ пен тұман күтіледі. Температура түнде -12°-қа дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети