Қар, көктайғақ, тұман. 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қар, көктайғақ, тұман. 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 18 сәуірде көктайғақ, бұрқасын, тұман мен желге байланысты 12 өңірде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 18 сәуірде көктайғақ, бұрқасын, тұман мен желге байланысты 12 өңірде ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1-6 градус үсік күтіледі.

Астанада күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын болады. Жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети