көрнекі сурет
Соңғы бірер тәулікте қар құрсауында қалған 1140 адам құтқарылды. Сондай-ақ, 296 техника, соның ішінде 2 автобус қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өткен түнде Қарағанды облысында қалың қарда қалған 30 адам құтқарылған. Оның ішінде Түркияның 2 азаматы бар. Ал, өткен сенбіде Ақмола облысының Егіндікөл-Новочеркасское автожолында шағын 3 жолаушылар автобусы мен 5 жеңіл автокөлік, 27 адам шығарылған еді. Сондай-ақ, кеше Макинск-Степногорск автожолында қалың қардан 16 адам, 4 жеңіл көлік, 2 жүк көлігі шығарылды. Лесное-Приозерное автожолында 17 адам, 6 жеңіл көлік құтқарылды. Хромтау ауданында да осы жағдай қайталанып, Самара-Шымкент автожолының Престорный ауылы маңында қалың қар салдарынан көлік кептелісі пайда болып, 360 адам құтқарылды. Олар Ақтөбе мен Хромтауға жеткізілді. "Қостанай облысында бір тәулік ішінде 280-нен астам адамды, Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулік ішінде 390-нан астам адам құтқардық. Қазақстан бойынша 1140 адам, 296 техника, соның ішінде 2 автобус қар құрсауынан шығарылды" дейді ТЖМ-нің мамандары.
Соңғы бірер тәулікте қар құрсауында қалған 1140 адам құтқарылды. Сондай-ақ, 296 техника, соның ішінде 2 автобус қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен түнде Қарағанды облысында қалың қарда қалған 30 адам құтқарылған. Оның ішінде Түркияның 2 азаматы бар. Ал, өткен сенбіде Ақмола облысының Егіндікөл-Новочеркасское автожолында шағын 3 жолаушылар автобусы мен 5 жеңіл автокөлік, 27 адам шығарылған еді. Сондай-ақ, кеше Макинск-Степногорск автожолында қалың қардан 16 адам, 4 жеңіл көлік, 2 жүк көлігі шығарылды. Лесное-Приозерное автожолында 17 адам, 6 жеңіл көлік құтқарылды. Хромтау ауданында да осы жағдай қайталанып, Самара-Шымкент автожолының Престорный ауылы маңында қалың қар салдарынан көлік кептелісі пайда болып, 360 адам құтқарылды. Олар Ақтөбе мен Хромтауға жеткізілді.
"Қостанай облысында бір тәулік ішінде 280-нен астам адамды, Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулік ішінде 390-нан астам адам құтқардық. Қазақстан бойынша 1140 адам, 296 техника, соның ішінде 2 автобус қар құрсауынан шығарылды" дейді ТЖМ-нің мамандары.