31 желтоқсан 2015 | 13:02

Қар құрсауында қалып қойған депутат Божкоға "сәлем" жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоты Видео скриншоты

Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадан Қарағандыға дейін өз көлігімен жету кезінде қандай қиындықтарды бастан кешіргенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадан Қарағандыға дейін өз көлігімен жету кезінде қандай қиындықтарды бастан кешіргенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парақшасында жарияланған видеодан депуттатың отбасымен бірге елордадан Қарағандыға дейін жол тартқанын көруге болады. Халық қалаулысы Қарағанды облысының Осакаров ауылына және ары қарай Қарағанды қаласына дейінгі жолдағы жағдайды видеоға түсірді.

Видеоны әлеуметтік желілерге жүктеген ол республикалық маңызы бар трассаларда жол қозғалысына жауаптыларға былай деді: "Құрметті достар, Осакаров-Батпақ бағытында жолдағы кептеліс түсірілген 3 видеоны көрдіңіздер деп үміттенемін. Мен отбасыммен бірге осы кептелісте 4,5 сағаттан аса уақыт тұрдым. Жол қозғалысын ретке келтіретін қызметкерлерге бірнеше сұрағым бар: осы жолда жөндеу жүргізетін фирма қарды неге уақытында тазаламайды? Бұл ҚазАвтожолдың үлкен ҚАТЕЛІГІ! БОЖКО қызметі, әсіресе ТЖК мұнымен неге айналыспайды? Мақтаулы техникалары қайда?", - деді депутат өз парақшасында. 

Видеодан депутаттың ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божкоға сәлем жолдағанын да көруге болады. "Сіздердің мақтаулы техникаларыңыз қайда, Божко мырза? Бұл менің сізге жолдаған сәлемдемем, Божко мырза", - деді мәжілісмен.

Депутат ішкі істер министріне де хат жолдады. "Ішкі істер министрі Қасымов мырза, сіздердің полицейлер неліктен рациямен қамтамасыз етілмеген? Сорлы майорға көліктердің қозғалысын реттеу үшін үш шақырым жүгіруге тура келді. Рация болғанда кептеліс 1,5 сағат қана болар еді", - деді Мұхтар Тінікеев.

Қарағандыға депутат кішкентай балаларымен бірге аттанды. Ол балаларының 5 сағат бойы көлікте "ерлікпен" отырғанын жазды. Бірнеше сағаттан соң депутат оқырмандарына Қарағандыға жеткенін хабарлады. "Жолдағы бес сағаттық азапты ұмытып, Қарағандыға келе сала дүкеннен анама көктемгі қызғалдақ гүлін сатып алдым", - деді Мұхтар Тінікеев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети