Кар теңізінің суық ауасы елімізде аязды күшейтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кар теңізінің суық ауасы елімізде аязды күшейтеді Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстан аумағына Кар теңізі аудандарынан арктикалық ауа массасы келіп, соның әсерінен республиканың көп бөлігінде аяз қайта күшейеді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. "Кар теңізі аудандарынан келетін арктикалық ауа массасымен Қазақстан аумағында аяз қайта күшейе түседі: республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі температура 30-38 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығысында 23-32 градус, қиыр оңтүстікте 13-20 градус аяз болады, бұл - осы кезеңде болатын әдеттегі температурадан 8-13 градусқа төмен", - делінген хабарламада. Айта кетейік, Кар - Солтүстік Мұзды мұхиттың шеткі теңізі. Ол - Ресей аумағындағы ең суық теңіз, ондағы өзен сағаларының өзінің температурасы 0 градустан жоғарыламайды. Жылдың көп бөлігінде мұз басып жататын теңізде дауылдар жиі болып тұрады. Мұхит жақтан келетін салқын ауаға қарамастан, 13-15 ақпан күндері Қазақстанның батыс өңірлерінде күн жылы болады. Оған Ресейдің еуропалық аумағынан келетін жылы және ылғалды ауа массасы себеп. Соның әсерінен бұл аймақтарда температура көтеріліп, аздаған қар жаууы мүмкін. 13 ақпан күні аяз сәл бәсеңдейді. Ал антициклон құрсауында болатындықтан, еліміздің қалған өңірлерінде жауын-шашынсыз, аязды күндер сақталады. Мұның алдында синоптиктер 13 ақпанда күннің жылынатынын және бұдан кейін көктемнің жақындай түсетінін хабарлаған болатын. Халықтық күнтізбе бойынша, 14 ақпан - көктем мен қыстың тоғысатын кезі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети