Қазгидромет 15 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет 15 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, 15 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағай соғып, жаңбыр жауады. Елдің батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында таулы аудандарда қар аралас жауын-шашын болады.
"Республика бойынша батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел, орталықта, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте, орталықта тұман болады деп күтіледі. Орталықта, шығыста, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, шығыста, Батыс Қазақстан облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, батыста, оңтүстікте - жоғары өрт қаупі", - делінген Қазгидромет хабарламасында
15 қыркүйекте республиканың көптеген облысында дауыл туралы ескерту жарияланды. Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Синоптиктердің айтуынша, Шығыс Қазақстанда қатты жаңбыр мен қар жауады деп болжанады.
Ақмола, Павлодар, Қостанай, СҚО, Ұлытау облыстарында және Астанада тұман күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!