"ТоболИнфо" басылымы жақында тұтқындалған "Қара бүркіт" колониясы басшысының әпкесінің үндеуін жариялады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ТоболИнфо" басылымы жақында тұтқындалған "Қара бүркіт" колониясы басшысының әпкесінің үндеуін жариялады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өзінің қауіпсіздігіне алаңдаған әйел аты-жөнін айтудан бас тартқан.
"Мен Арман Әбіловтің әпкесімін. Түсінесіздер ме, оны ұстады, айып тағып отыр, ол кінәлі де болмауы мүмкін. Оны желтоқсанда тағайындалған, ал қаңтарда ол отбасына оған жала жабуы мүмкін екенін айтып, шағымданған. Нақтысын айтпады, біз оны сұрамадық та, тек анасы, әйелі және мен білдім. Ол жердегі жүйе нашар екенін, көреалмаушылық көбін, жұмыс ауыр екенін айтқан болатын. Түрмеде жұмыс істеу өте қиын. Мұны естіп, оны аяп кеттік. Зейнетке шығуына аз қалған. Бір мәселе: соңғы кезде қатты ішіп жүрді. Үйге көп келмей, кейде жұмыста қалып жүрді, ол жердегі жұмыс сондай ғой, күні-түні сонда болу керек. Бірақ үйге қайтқан кезінде мас болатын.
Оны ұстап алып кеткен күні де мас болған. Мас адамға жала жабу, ол оңай емес. Бәлкім сол ақшаны ұстаған шығар, не істеп тұрғанын білмеген шығар.
Ол жердегі жүйе қиын. Оны бәрі алдын ала біледі. Егер үнемі тексеріс жүргізілетінін айтса, неліктен оның мас жүргенін білмеген, себебі ол үшін жұмыстан шығарып жіберуге болады ғой. Ал мұны ұсталған кезде ғана айтып отыр.
Арман да ұсталғаннан кейін ағасына ол ақшаны алмағанын айтқан. Бұл шынымен болған жайт.
Өте қорқынышты, қорқамын. Ол қыңыр адам еді, жұмыста көбі ұнатпайтын, бірақ пара алуы екіталай. Ал шын мәнінде не болғаны бір құдайға ғана белгілі".
Сондай-ақ Әбіловтің әпкесінің сөзінше, оны тергеу изоляторында ұрып-соққан, оның жүрегі нашар екен.
Еске салайық, 29 тамызда Қостанай облысында террорист Руслан Қүлекбаев пен экс-шекарашы Владислав Челах жазасын өтеп жатқан "Қара бүркіт" колониясының басшысы 2 айға қамауға алынған болатын.
Қостанай облыстық соты 28 тамызда колония директорын "күзетпен ұстауға" санкция бергені белгілі болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!