Қабарабатанда өрт шалған жатақхананың шығаберіс есігін жалын шарпығандықтан, жұмысшылар қосалқы есіктен шығып, терезеден секіруге мәжбүр болған. Бұл туралы өрттен аман қалғандар айтып берді, - деп хабарлайды "Мой город".
Қабарабатанда өрт шалған жатақхананың шығаберіс есігін жалын шарпығандықтан, жұмысшылар қосалқы есіктен шығып, терезеден секіруге мәжбүр болған. Бұл туралы өрттен аман қалғандар айтып берді, - деп хабарлайды "Мой город".
36 жастағы Қанат Жарқынбековтің сөзінше, ол түнгі ауысымнан шығып, таңғы асын ғана ішіп үлгерген. Осы кезде өрт басталып, барлығы қашқан.
"Есікті жалын шарпып тұрды, сондықтан терезеден секірдім. Неден шыққанын білмейміз де, шығып үлгергендер жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерді далада күтті. Өзім Қызылордаданмын, мұнда істегеніме бір жыл болды, үйде әйелім мен төрт балам күтіп отыр", - дейді ол.
Зардап шеккендердің тағы бірі 27 жастағы Ұлан Байшағаров түнгі ауысымнан келіп, бірден душқа кіргенін айтады.
"Жуынып та үлгермедім, айғай басталды. Заттарымды жинап далаға жүгіріп шықтым. аман қалдық құдайға шүкір, Шымкентте әйелім мен үш балам күтіп отыр ғой. Бүгін таңда көз жұмған жігіт досым еді", - дейді дәнекерлеуші болып істеген Ұлан.
Қарабатандағы өрт болған орынға апат себебін анықтауға келген үкіметтік комиссияны еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаев бастап келіп, зардап шеккендердің жағдайын білді.
"Барлық продедураны өткізіп, жұмыс беруші ме, әлде жұмысшылардың өздері ме, кімнің кінәлі екенін анықтауымыз керек. Барлық кепілдік келісімдерін қарап, қандай өтемақы белгіленгенін анықтап жатырмыз. Барлығын тексеріп, қолайлы етпейінше жатақханаларды қолдануға берму туралы шешім қабылдадық", - дейді Нұржан Әлтаев.
Министрдің сөзінше, компанияның өзге қызметкерлері тергеу аяқталғанша үйлеріне қайтарылды. Дегенмен еңбекақы төлене береді. Тергеу он күнде аяқталуы тиіс.
Мұның алдында, Қарабатанда жатақханада болған өрттен зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болғаны хабарланған еді.
Еске салайық, төтенше жағдай комитетінің мәліметі бойынша, жатақханада 2 наурызда сағат 08:41-де өрт шыққан. Жатақхана Атыраудан 40 шақырым жерде, Қызылкөге ауданындағы "Газ-турбина электр станциясы" құрылыс аумағында болған. Өрт вахталық қалашықтағы контейнерлерден жасалған жатақханадан шыққан. Өрт кезінде жатақханада түнгі ауысым жұмысшылары болған - шамамен 20 адам. Олардың зардап шеккен төртеуі Атыраудың облыстық ауруханасына жеткізілді. Өрт шарпыған аумақ - 500 шаршы метр.