Қарағанды - Балқаш тас жолындағы апаттан бес адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды - Балқаш тас жолындағы апаттан бес адам зардап шекті Оқиға орнынан СТВ

Қарағанды-Балқаш трассасында жол көлік апаты болып, бес адам ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды-Балқаш трассасында жол көлік апаты болып, бес адам ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Жол апаты бүгін 25 қазан күні таңертең сағат 09:00 Қарағанды-Балқаш автокөлік жолында болған. Шет ауданынан келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі автобусты басқара алмай қалған. Облыстық "Жедел жәрдем медициналық көмек" стансасының мәліметінше, жол апаты салдарынан зардап шеккен бес жолаушы ауруханаға жеткізілген.

"25 қазан күні жолаушылар автобусы трассадан шығып кетіп, жол апаты болғанын растаймыз. Жолаушылардың нақты санын әзірге айта алмаймыз. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр" дейді Қарағанды облысы ІІМ мемлекеттік тіл және ақпараттар басқармасының бастығы Бақытжан Құдияров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети