Қарағанды әкімдігі 262 миллион теңгеге пәтер сатып алу туралы лотты алып тастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды әкімдігі 262 миллион теңгеге пәтер сатып алу туралы лотты алып тастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл сомаға екі бөлмелі пәтер сатып алу мүлдем жоспарда болмаған. Әуеліде "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жас отбасыларға 3265 шаршы метр сатып алу көзделген, оның әр шаршы метрінің құны 90 мың теңгеге жуық. Ведомство өкілдерінің айтуынша, қанша шаршы метр сатып алынатыны техникалық сипаттамада көрсетілген.
Қазір порталға сатып алынатын баспана туралы жаңа лот орналастырылды. "Ескі сілтеме сақталып тұр - бұл порталдың ерекшелігі, оны өшіру мүмкін емес. Бірақ конкурсқа қатысқысы келетіндер тапсырыс бере алмайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды әкімдігінің 262,36 миллион теңгеге (1,44 миллион доллар) екі бөлмелі пәтер сатып алуға тендер жариялағаны хабарланған еді. Сарапшылардың мәліметінше, бұл қаржыға екінші нарықтан 1120-дан 1900 шаршы метрге дейін баспана сатып алуға болады. Жергілікті билік, шын мәнінде, бір және екі бөлмелі бірнеше пәтер сатып алынғалы отырғанын айтты.