Қарағанды ​​әкімдігі 2,9 миллион теңгеге алты автоқаптама сатып алмақ болған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​әкімдігі 2,9 миллион теңгеге алты автоқаптама сатып алмақ болған

Желіде Қарағанды әкімдігі алты қызметтік көлікке 2,9 миллион теңгеге алты автоқаптама сатып алмақ болғаны туралы ақпарат тарады. Қазыбек би ауданының прокуратурасы тұрғындардың бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуына қатысты шағымдарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автоқаптама тігу жұмыстарына тапсырыс берген құжат goszakup.kz порталында жарияланды. Сайтта тапсырыс беруші ретінде Қарағанды ​​қаласы әкімінің аппараты көрсетілген. Техникалық спецификацияда мердігер Kia Sorento, Toyota Land Cruiser 200, Skoda Superb және Kia Cerato маркалы алты автокөлікке автоқаптама тігуі керек делінген.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіге тарап, резонанс тудырды. Желі қолданушылары мұндай шығынның қисынсыздығын талқылап, бұл дерек бойынша аудит жүргізуді талап етті. Олардың ашу-ызасы назардан тыс қалмады. Бір-екі сағаттан кейін ақпаратқа Қазыбек би ауданының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, сатып алу тоқтатылды.

"Мониторинг барысында көрсетілген жұмыс құнының асыра бағаланғаны анықталды. Қарағанды ​​қаласы әкімінің аппараты алты автокөлікке арналған көлік қаптамаларының жиынтық құнын 2,9 миллион теңгеге бағалаған. Олардың көрсетуінше бір автоқаптама 494 мың теңгеден асады. Ал биыл қыркүйек айында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы бір автоқаптаманың құны небәрі 95 мың теңге тұратынын жариялаған болатын. Осыған байланысты және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану қажеттілігін негізге ала отырып, бұл сатып алудың күшін жою керек", - делінген прокуратура хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети