22 қараша 2021 16:10

Қарағанды балабақшасындағы оқиғаның жай-жапсары айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы жекеменшік балабақша қызметкерінің дөрекі әрекеті түсірілген видео тарағаннан кейін арнайы тексеріске барған Қарағанды ​​облысының білім басқармасы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы жекеменшік балабақша қызметкерінің дөрекі әрекеті түсірілген видео тарағаннан кейін арнайы тексеріске барған Қарағанды ​​облысының білім басқармасы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 22 қарашада комиссия құрылды, оның құрамына қалалық білім бөлімінің мамандары, "Нұр Отан" партиясы және Октябрь ауданы әкімінің орынбасары кірді. Аудан әкімінің орынбасары кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы. Қызметтік тергеу басталды. Балаға дөрекі қарым-қатынас жасаған қызметкер тәрбиешінің көмекшісі екені анықталды. Ол өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазды", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының білім басқармасы.

Сондай-ақ, департамент оқиғаның осы жылдың 7 қазанында болғанын атап өтті. Бұған бейнебақылау камерасындағы жазба дәлел. Алайда баланың анасы бұл дерек бойынша полицияға хабарласпаған.

"Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында балабақша қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Баланың анасымен әңгіме жүргізілді. Анасы баласының видеосы желіге рұқсатасыз жарияланғанына наразы. Ол полицияға арызданбаған. Ол комиссия жұмысына көңілі толды. Бұл мәселе білім басқармасының бақылауында болады", - деп қосты Қарағанды ​​облысының білім басқармасы.

Еске салайық, әлеуметтік желіде жекеменшік балабақша қызметкерінің дөрекі әрекеті түсірілген видео тарады. Видео желіде резонанс тудырды. Желіде тараған кадрларда сырт киімімен еденде жатқан кішкентай қыз көрінеді. Видеодан оның балабақшада қалғысы келмегенін байқауға болады. Сәлден соң оған балабақша қызметкері келіп, қыстық күртесінің жеңінен жұлқып, ертіп кетеді. Видео сипаттамасында мұндай жағдай жиі болатыны жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети