"Қарағанды-Балқаш" республикалық автожолының құрылысы аяқталды. Көлік қозғалысы ашық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
"Қарағанды-Балқаш" республикалық автожолының құрылысы аяқталды. Көлік қозғалысы ашық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қарағанды облысында республикалық маңызы бар "Қарағанды-Балқаш" автомобиль жолының (1492,4-1855 шақырым аралығы) қайта жаңарту учаскесінде ресми түрде көлік қозғалысын ашып, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында 363 шақырымды құрайтын "Қарағанды-Балқаш" учаскесінде негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтады.
Учаске "Орталық-Оңтүстік" (Астана-Қарағанды-Алматы) көлік дәлізінің маңызды стратегиялық бөлігінің бірі. Қайта жаңарту аясында жол ІІІ санаттан І-б техникалық санатқа ауыстырылып, бөлінетін қоршауы бар төрт жолақты қозғалысты қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасады.
Жоба құрылысы барысында келесі нысандар салынды:
- 11 көпір;
- ауылшаруашылығы техникасына арналған 32 жолөтпе;
- 3 көлік жол айрығы;
- теміржол арқылы өтетін бір жолөтпе.
Жол пайдаланушылардың қолайлығы үшін 18 демалыс алаңдары, 24 аялдама, сондай-ақ 1452 жарық орнатылды. Қазіргі таңда учаскедегі көлік қарқындылығы тәулігіне 18 мың автокөлікті құраса, ал жаз мезгілінде 25 мыңға дейін өсуі мүмкін.
2025 жылы Қарағанды мен Ұлытау облыстарын байланыстыратын, жалпы ұзындығы 513 шақырым құрайтын "Қарағанды-Жезқазған" автожолын қайта жаңарту бойынша жұмыстар жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2026 жылға жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!