Қарағанды қаласының әкімі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды қаласының әкімі тағайындалды Нұрлан Әубәкіров. Фото Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Қарағанды қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды қаласының жаңа әкімін таныстырды. Бұдан былай қаланы Нұрлан Әубәкіров басқаратын болды", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Нұрлан Әубәкіров 1975 жылы туылған. Қарағандының Қазыбек би ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2006 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды. 2007-2009 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2009-2010 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі, ал 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 жылдан қазірге дейін Балқаш қаласының әкімі қызметінде болған. 

Еске сала кетейік, 20 маусым күні Қарағанды облысының әкімі болып Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалған болатын. Ал 24 маусым күні Қарағанды облысының әкімі болған Мейрам Смағұлов өз еркімен жұмыстан босатылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети