Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында қарсы жолаққа шыққан Lexus жүргізушісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында қарсы жолаққа шыққан Lexus жүргізушісі ұсталды Видеодан алынған кадр

Куәгерлер Нұр-Сұлтан - Қарағанды тасжолында қарама-қарсы жолақта үлкен жылдамдықпен қозғалған Lexus жүргізушісін видеоға түсіріп алған. Жол талғамайтын көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер Нұр-Сұлтан - Қарағанды тасжолында қарама-қарсы жолақта үлкен жылдамдықпен қозғалған Lexus жүргізушісін видеоға түсіріп алған. Жол талғамайтын көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да жарияланған видео кадрларында Lexus жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, өз жолымен келе жатқан көліктерге соғыла жаздайды. Ролик жарияланғаннан кейін Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @100baksoff_video

"Облыстық ПД баспасөз қызметінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus автокөлігінің белгісіз жүргізушісі Нұр-Сұлтан - Қарағанды автожолында қарама-қарсы қозғалыс жолағымен келе жатқаны түскен видеоны анықтады. Аталған дерек бойынша биыл 24 тамызда облыстың ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 31 жастағы жүргізушіні анықтады, оған қатысты ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді. Осы баптың санкциясына сәйкес - алты ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру көзделген", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети