19 тамыз 2015 14:28

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Karoblmaslihat.kz © Karoblmaslihat.kz

Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісіміне сәйкес облыс әкімінің өкімімен Мамалинов Шагурашид Қалиұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында. 

Шагурашид Қалиұлы Мамалинов 57 жаста. Екі жоғарғы білімі бар, Целиноград ауылшаруашылық институтын зооинженер және Қонаев атындағы университетті құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын ол 1975 жылы машинист қызметінен бастады. Қарағанды облысы Тельман ауданында партия жұмыстарымен айналысқан.

Мамалинов жиырма жылдан аса уақыт бойы Қарағанды облысында ауылшаруашылық саласында жетекші қызмет атқарған. Бірнеше рет Қарағанды облысы мәслихат депутаты болып сайланды. 2007 жылдан бері ол мемлекеттік қызметте. 2010-2013 жылдары Бұхар жырау ауданы әкімінің қызметін атқарды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Шагурашид Мамалинов облыс әкімінің орынбасары болып Ғалым Әшімовтің орнына тағайындалды. Әкімнің бұрынғы орынбасары Теміртау әкімі қызметіне тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети