20 маусым 2014 | 15:14

Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрмұхамбет Әбдібеков. ©Republika.kz Нұрмұхамбет Әбдібеков. ©Republika.kz

Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды. Ол - Нұрмұхамбет Әбдібеков, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды. Ол - Нұрмұхамбет Әбдібеков, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары, оның алдында Ақтөбе қаласының әкімі болды. Әр жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Ғарыш қызметін дамыту стратегиясы департаменті директоры қызметтерін атқарды. 

Әбдібековке дейін Қарағанды облысының әкімі қызметін Бауыржан Әбдішев атқарған болатын. Ол бұл қызметке 2013 жылдың 29 қаңтарында тағайындалды. Әбдішев бұған дейін ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болды, 2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың қыркүйегіне дейін Қарағанды қаласының әкімі болып қызмет етті. Әбдішев Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының кеден қызметінде де еңбек етті.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай және Атырау қалаларында әкім ауысқан еді. 18 маусым күні Ахмедбек Ахметжанов Қостанайда Ғауез Нұрмұхамбетовтің орнына тағайындалды. Ал 20 маусым күні Атырау қаласына Нұрлыбек Ожаев әкім болды. Мұның алдында Қарағанды облысында облыс әкімінің орынбасары ауысты. Бейсембай Жұмабековтің орнына тележүргізуші Жанар Бекбанова тағайындалған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети