Қарағанды облысында 23-24 желтоқсан аралығында 180 көлік, олардың арасында 150 жеңіл автокөлік пен 30 жүк көлігі және 20 автобус қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстағы автожолдардағы ахуал нашарлап, "112" желісіне барлығы 5000 хабар келіп түскен.

23 желтоқсан күні күндіз Алматы - Екатеринбург тас жолында автобус қар құрсауында қалып, ондағы 26 адам құтқарылды. Ал Жезқазған - Петропавл - Жезді - Қарсақбай - Байқоңыр - Қоскөл автожолында 6 жеңіл автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 10 адам эвакуацияланды, сонымен қатар, Киевка - Осакаровка жолында 1 жеңіл автокөліктен 1 адам құтқарылды.
Қарағанды - Тоғызқұдық - Ботақара тас жолында - 3 адам, Қызылорда - Павлодар жолында 7 көлік пен 14 адам құтқарылды. Просторное - Жарық - Ақсу - Аюлы - Ақтоғай - Балқаш автожолынан 37 шақырым қашықтықта 8 автокөлік қар астында қалып, оларды құтқарушылар алып шықты. Сонымен қатар, Октябрь ауданында, "Сұңқар" астық кешеніне жақын маңда қар құрсауында қалған автокөліктен 2 адам эвакуацияланды.
Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі жолдаған суреттер
Сонымен қатар, 24 желтоқсан күні сағат 10.00-де Қарағанды облысындағы автожолдарда шектеу алып тасталынды.