13 сәуір 2015 | 13:43

Қарағанды облысында 35 ауылды су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Рушан Бараев @Рушан Бараев

Билік су тасқыны салдарынан Қарағанды облысындағы ондаған елді мекенді эвакуациялауға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыста барлығы 35 ауылда 1760 үйді су басқан. 340 үй жануары өлді.


Иконка комментария блок соц сети

Билік су тасқыны салдарынан Қарағанды облысындағы ондаған елді мекенді эвакуациялауға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыста барлығы 35 ауылда 1760 үйді су басқан. 340 үй жануары өлді.

Сонымен қатар, құтқарушылар Қарағанды облысындағы тасқын салдарынан болған шығын туралы хабарлады. Мысалы, Шерубай-Нұра өзенінің арнасынан көтерілуінен Шет ауданы Ақсу ауылының барлық тұрғыны (150 адам) эвакуацияланған. Сонымен қатар, Бұқар жырау ауданы Жастілек ауылындағы су басқан 24 үйдің тұрғындары да түгел көшірілді. Су басқан Сәкен Сейфуллин ауылындағы барлық тұрғындар мен малдар да түгел көшірілген. Абай ауданында да 20 үй су астында қалып, 100 адам, оның ішінде 22 оқушы мектеп ғимаратына көшірілді. Құтқарушылар дамбаларды құммен бітеп жатыр.

Сонымен қатар, Сарытөбе ауылын да су басу қаупі бар. Ауылдағы 350 тұрғын көрші Көкпекті елді мекеніндегі мектеп ғимаратына локомативпен көшіріліп жатыр. Қарқаралы ауданындағы Ынталы ауылында еріген қар суынан 148 үй мен 150 сарай су астында қалған. 718 адам эвакуацияланды. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысынан шұғыл-құтқару отрядтары көмекке келген. Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысында су тасқыны салдарынан 4 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети