Қарағанды облысы Ұлытау ауданында тоғыз метрлік қасқыр мүсіні орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында тоғыз метрлік қасқыр мүсіні орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мүсіннің суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде тарап үлгерді. Ұлытау ауданының әкімдігі өкілдері оның аудан орталығынан 30 шақырым жерде орнатылғанын және демеушілер қаражаты есебінен жасалғанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қасқыр түркі мифологиясында қасиетті мәнге ие. Ол туралы үйсіндердің аңыздарында, түркі және моңғол аңыздарында айтылады.
Сондықтан "Күмісбұлақ" бұлағының маңында "Көк Бөрі" мүсінін орнатуды ұйғардық. Оны мүсінші Амантай Меңдіғалиев жасады. Мүсіннің көлемі 9 метрге жетеді", - деді аудан әкімдігіндегілер.
Мүсін металлдан жасалған, ал сырты пластикпен қапталған. Ол минус 60-тан плюс 60 градусқа дейінгі ауа температурасына төтеп бере алады.
"ТМД кеңістігінде мұндай мүсін жоқ. Сондықтан ол біздің аудан үшін ерекше әшекей болады", - деп толықтырды Ұлытау ауданы әкімдігінің өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!