Қарағанды ​​облысында анасы 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күйеуге берген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында анасы 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күйеуге берген ©️ ktk.kz

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотында өңір тұрғынын ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Седьмой канал" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотында өңір тұрғынын ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Седьмой канал" арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, ол азаматтық некедегі күйеуімен бірге 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күйеуге берген. Қызға зорлық көрсетті деген күдікпен ер адам қамауға алынды. Ал биологиялық әкесі қызын толық қамқорлығына алғысы келеді. Өйткені анасы оған қысым көрсетуі мүмкін деп алаңдайды.

Оқиға Абай қаласында болған. Некелескеннен кейін бес күн өткен соң қыз әкесіне қашып барған. Ол бірден полицияға арыз жазған. Қыз баланың келешегіне мектеп мұғалімдері де алаңдаулы.

"Қызды күйеуге берген. Бұл туралы қыздың өзі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда мәлімдеді. Бес күн бойы бала үйіне қайтпаған. Анасы полиция органдарына шағымданбаған. Комиссия осы жағдай бойынша сотқа талап арыз беруді ұйғарды", - деді Абай аудандық білім бөлімінің бас маманы Марина Стрельникова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети