Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды Фото:depositphotos.com

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысында 6 наурыз күні қатты боран мен төмен көріну салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолдар жабылды", - делінген хабарламада.

Қиын метеожағдайларға байланысты облыс жолдарында 719 жеңіл автокөлік, 605 жүк көлігі және 16 қоғамдық көлік тоқтап қалды. Ауа райының қолайсыздығы көлік қозғалысының қиындауына және жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әкелді.

Атап айтқанда, Қарағанды — Теміртау тасжолында үш жол-көлік оқиғасы болған. Абырой болғанда зардап шегугілер жоқ. Апаттардың негізгі себептері — нашар көріну және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы.

"Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілер мен тұрғындарды алыс сапарлардан бас тартуға, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және ауа райының өзгерістерін ескеруге шақырады. Абай болыңыздар, өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар", — деді Қарағанды облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети