Қарағанды облысында банк қызметкері зейнеткерлерді қарызға батырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында банк қызметкері зейнеткерлерді қарызға батырған Кескін нейрожелі көмегімен жасалған

Қарағанды облысында банктің бұрынғы қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында банктің бұрынғы қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Қарағанды облысының Осакаров ауданында банктің бұрынғы менеджері ұсталды. Ер адам зейнеткерлердің атына несие ресімдеп, қаражатты иемденіп кетті деген күдікке ілініп отыр.

Полицияға ауданның 67 жастағы тұрғыны жүгінген. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның атына 1,5 миллион теңгеге жуық несие ресімдеген. Бұл ретте өзі ақша алынғанынан хабарсыз болып, банкте өтініші қабылданбады деп есептеген.

Тергеу

Тергеу барысында күдікті - банктің 36 жастағы бұрынғы менеджері тез анықталды. Полицияның нұсқасы бойынша, ер адам зейнеткердің несие алу үшін өткізген құжаттарын пайдаланып, мақұлданған ақшаны клиентке ескертпестен өз шотына аударып алған. Кейін жәбірленуші жалғыз емес екендігі анықталды. Ол дәл осы тәсілмен тағы бірнеше адамды алдаған көрінеді.

"Барлық жәбірленуші қарт адамдар екені анықталды. Қазір полицияға күдіктінің әрекетімен байланысты болуы мүмкін тағы алты арыз түсті. Келтірілген шығынның жалпы көлемі есептеліп жатыр", - деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция тұрғындарды қаржылық құжаттарды ресімдеу кезінде мұқият болуға және кез келген күмәнді операция бойынша дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында келіні енесінің атына рұқсатсыз несие рәсімдегені үшін сотталған еді. Сотта әйелдің кінәсі дәлелденді. Ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Соған қарамастан, прокурор оны бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Алайда сот кінәсін мойындау, өкіну және жас балаларының болуы сияқты жеңілдетілген мән-жайларды ескере отырып, сотталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.63   557.14   6.08 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети