Қарағанды облысында белгісіз аурудан мал қырылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында белгісіз аурудан мал қырылып қалды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округінде 80-нен астам сиыр мен бұзау қырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округінде 80-нен астам сиыр мен бұзау қырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елді мекенге кіре берісте дезинфекциялық бекет орнатылған. Ауру белгілері 3 маусымда пайда болды, содан кейін ауылдық округте жануарларды тексеруге кіріскен.

"Барлығы 260 бас мал ауру жұқтырды, 82-сі қырылды. Оның ішінде 9 сиыр, 11 құнажын, 62 бас екі-үш айлық бұзау болды. Қырылған мал өртелді. Жою жұмыстары мемлекеттік органдардың және аудандық ветеринариялық станция мамандарының қатысуымен жүргізілді. Ақшоқы кіреберісіне Комаров дезинфекциялық қондырғысы бар бекет орнатылды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ветеринария басқармасының баспасөз қызметі.

Ветеринарлар ауру малға симптоматикалық ем жүргізіп жатыр және оның етін немесе сүтін қолдануға кеңес бермейді. Елді мекенде 2569 ІҚМ бар. Дәл диагноз қою үшін сынамалар ветеринариялық зертханаға жіберілді.

"Бүгінгі таңда жүзге жуық ауру жұқтырған малды емдеп шықтық. Ауылдық округте ІҚМ иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өлген мал басы үшін ақшалай өтемақы мәселесі қарастырылуы мүмкін", - деп толықтырды әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети