Қарағанды облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратурамен және ҰҚК-мен бірлесіп, Балқашта арнайы жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері прокуратурамен және ҰҚК-мен бірлесіп, Балқашта арнайы жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нәтижесінде қала тұрғындарын қорқыту арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды.

Жедел іс-шара барысында полиция бөліміне 13 адам жеткізілді, олардың сегізі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу барысында күдіктілердің тұрғындардан 800 мыңнан 8 миллион теңгеге дейін ақша бопсалағаны, сондай-ақ жәбірленушілердің атынан заңсыз түрде несие рәсімдегені анықталды", - делінген хабарламада.

Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 23 тінту жүргізіп, 26 ұялы телефон, жеті пышақ, бес автокөлік, екі миллион теңгеден астам қаражат, есірткіге ұқсас зат салынған төрт пакет және қылмыстық әрекеттерге қатысты басқа да айғақ заттар тәркіленген.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети