06 қыркүйек 2014 15:47

Қарағанды облысында бір тәулікте екі ірі есірткі партиясы тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © РИА Новости Фото © РИА Новости

Қарағанды облыстық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері бір тәулікте екі ірі есірткі партиясын (20 келі героин мен 14 келі гашиш) тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қарағанды облыстық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері бір тәулікте екі ірі есірткі партиясын (20 келі героин мен 14 келі гашиш) тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық ІІД ақпаратынша, 5 қыркүйекте "Мак" республикалық жедел алдын алу шаралары барысында "Теміртау-Осакаровка" автожолында, нақты айтсақ, Теміртаудан 3 шақырым жерден 45 жастағы ер адам басқарып келе жатқан "Nexia Ns 150" автокөлігі тоқтатылған. "Машина салонында екі жолаушы болды. Оның екеуі де 34 жастағы бір ер және бір әйел адам. Тексеру барысында жүксалғыштан екі полиэтилен пакетке оралған ақ түсті зат салынған жол сөмкесі табылды. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, пакеттің ішінде жалпы салмағы 20 келіден асатын героин болып шықты", - делінген департаменттің таратқан хабарламасында.   

ІІД хабарлауынша, 34 жасар такси жолаушысы ұсталып, тергеу оқшаулағышына қамалған екен. Оған қатысты ҚР ҚК 259-бабы ("Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, осы күні "Рубеж-Сокур" стационарлық күзетінен облыстық ІІД ЕКБ қызметкерлері Жамбыл облысы Шу ауданының 30 жастағы тұрғынының чемоданынан ораулы жасыл түсті зат тапты. Сараптама оның 14 келі гашиш екенін анықтады. 

"Жолаушы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Ер адам гашишті Астанаға апарып сатпақшы болғанын мойындады", - деп қосты облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

Қазір қос іске қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети